«Целинный» заманауи өнер орталығы
 
Уақыт аралығы:
2018
Орны:
Казахстан, Алматы
Жазылым саны:
1
 
«Целинный» заманауи өнер орталығы – заманауи мәдениет пен өнер арасындағы пәнаралық байланысты дамытуға бағытталған Қазақстандағы алғашқы жекеменшік институция. Орталықтың негізін қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев cалды және іргесі кеңес заманында қаланған «Целинный» кинотеатры ғимаратында орналасқан. Ғимаратты қайта жаңғырту жұмыстары британдық сәулетші Асиф Ханның жетекшілігімен жүзеге асуда.

Типтік жоба ретінде «Целинный» панорамалық кинотеатрының негізі 1964 жылы қаланған (сәулетші С.Розенблюм, орнатқан В.Кацев, Б.Тютин, инженер В.Семенов), әрі кеңестік Алматы тұрғындарының ең танымал демалыс орындарының біріне айналды (мәселен, 1982 жылы ғимаратқа екі миллионға жуық адам келген). Фойесінің күн шуағына шағылыса жарқыраған қасбеті бар Алматыдағы «Бродвейге» қарама-қарсы орналасқан «Целинный» кинотеатрының бірегей көрнекі бейнесінде алыстан көз мұнартып көрінетін ат жарысы, би және жанрлық сахналар бейнеленген орасан зор сграффито суретші Евгений Сидоркиннің еңбегі. ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығында кинотеатр қайта салынды және түнгі клуб ретінде жұмыс істеп, қаладағы ең танымал демалыс орны болып қала берді. 2018 жылы көрме жобаларын өткізуге бейімдеу кезінде ғимараттан бұрын жоғалған деп саналған Сидоркиннің сграффитоларының түпнұсқалары табылды.

«Целинный» зиялы қауымның кеңеюіне үлес қосуда. Оның институционалдық стратегиясы «осында» және «қазір» дейтін екі түрткінің симбиозына негізделген. Осында – бұл көрмелер, кинобағдарламалар, білім беру шаралары, музыкалық, би қойылымдары және өзге де тәжірибелік көркемдік формалар, қазір – орталықтың болашақ дамуына бағытталған құжаттама, академиктерге арналған резиденция және баспа бағдарламасы шеңберіндегі жобаларды қамтиды.

Орталықтың негізгі міндеті – шығармашылық, академиялық, ғылыми ортада процестер мен ашық ойтолғау, әрі сыни пікірталас алаңын құру.